Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шетелдік азаматтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын этникалық қазақтарды жергілікті жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантурада білім беру бағдарламалары бойынша оқуға шақырады.
Үміткерлер құжаттарын 2024 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін онлайн тапсыра алады.
Шәкіртақы бағдарламаларына қатысуға өтінімдер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылуы тиіс.
Стипендия бағдарламасына қатысатын университеттер үшін төмендегі тізіммен танысыңыз:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Алматы энергетика және байланыс университеті
И. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Қарағанды техникалық университеті
Қарағанды индустриялық университеті
Ш. Есенов атындағы университет
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай университеті
Қ. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
С. Торайғыров атындағы университет
Павлодар педагогикалық университеті
Рудный индустриялық институты
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
М. Дулати атындағы Тараз университеті
Шәкәрім университеті
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Астана IT университеті
Қазақ-Британ техникалық университеті
М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ
Алматы менеджмент университеті