М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде мыңнан астам жоғары білікті оқытушылар, оның ішінде 320 докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары жұмыс істейді. Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту үшін университет бүкіл әлем бойынша серіктес жоғары оқу орындарымен 185 шартқа қол қойды. Оның ішінде алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен – 60, ТМД елдерінде – 68, қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында – 57.