Астана халықаралық университеті – Еуразия кеңістігі үшін білім, зерттеулер мен инновацияларды генерациялайтын және тарататын, Еуразияның топ-20 университетінің құрамына кіретін қазіргі заманғы жаһандық университет. Университет 2019 жылы құрылды және ашылды.
Мамандықтар
47
Студенттер
4 000
Бағасы
0 ₸
Жатақхана
Жоқ
Инфрақұрылым
Оқу кеңістігі
Кітапхана
Студенттік клубтар
Шығармашылық және мәдени
AIU TUNES (музыкалық клубы) , DANCING HIGH CLUB (би клубы), Umit shyragy
«Отбасылық» жеңілдігі бір отбасынан шыққан күндізгі оқу нысанындағы студенттерге оқу құнынан 10%-ға дейін жеңілдік мөлшерінде беріледі. Сондай-ақ, егер отбасының екінші мүшесі басқа жоғары оқу орнынан ауыстыру тәртібімен университетке қабылданған жағдайда бір отбасы мүшелерін бірлесіп оқыту кезеңіне жеңілдіктер беріледі
Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің түлектеріне оқу құнының 10%-ға дейінгі мөлшерінде жеңілдіктер
Жеңілдік келесі санаттарға оқу құнынан 50% - ға дейінгі мөлшерде беріледі: жетім балалар және 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар
«Менің оқуым – Менің жетістігім» жеңілдігі 3,67-ден төмен емес GPA бар бакалавриаттың 2, 3, 4 курс студенттеріне оқу құнынан 20%-ға дейін жеңілдік мөлшерінде беріледі
«Түлек» жеңілдігі университеттің магистратурасына және докторантурасына тиісінше түсетін университеттің бакалавриат және магистратура түлектеріне оқу құнынан 20% дейін жеңілдік мөлшерінде беріледі
«Толық төлем» жеңілдігі университетке түсушілер мен білім алушыларға ағымдағы жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімде алдағы оқу жылы үшін оқу ақысын толық төлеген кезде оқу құнынан 10% жеңілдік мөлшерінде беріледі
Білім беру ұйымдарының түлектеріне және «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорының серіктестеріне жеңілдік – оқу құнынан 20%-ға дейін жеңілдік
«Әлеуметтік» жеңілдігі білім алушылардың мынадай санаттарына: 1 және 2 топтағы мүгедектерге, 1 және 2 топтағы мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан студенттерге, қандастарға, экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдарға, студенттерге, аналары «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, әскери қызметтің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқару кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан адамдардың отбасынан шыққан студенттер, көп балалы отбасылардан шыққан студенттер
Сұрақ/Жауап
Сіздің сұрағыңызға жауап табылмады ма? Оны қойыңыз
Басқа пайдаланушылар немесе университет өкілі оған жақын арада жауап береді