«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті – Қазақстан Республикасындағы жоғары білікті исламтанушыларды, дінтанушыларды, араб тілі мен әдебиеті оқытушыларын, қазіргі заман талаптарына жауап беретін аудармашыларды даярлайтын бірегей жоғары оқу орны. Университетте Египет және қазақстандық мамандар бірлесіп сабақ береді.