І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – Алматы облысының экономикасын қажетті кадрлармен қамтамасыз ететін көпсалалы университет. 50 жыл ішінде ЖОО ҚР білім беру, экономика және өндірістің түрлі салаларында еңбек ететін 54 мыңнан астам маман шығарды. Университет IQAA және ACQUIN халықаралық агенттіктерімен аккредиттелген 89 бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асырады. Көптілді және қос дипломды білім беру, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен ПОҚ іске асырылуда. Сондай-ақ, ЖОО З.Бабыр атындағы Андижан университеті (Өзбекстан), Қазіргі халықаралық университет (Қырғызстан) және Пшасныш қаласында (Польша) лингвистикалық-техникалық университет базасында Zhetysu өкілдіктерін ашты.